Бүгін ел тарихын сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдыруға зор үлес қосып жүрген архив саласы мамандарының күні. Бұл күннің мерекелер күнтізбесіне енгеніне биыл 4-ші жыл. 1998 жылы дәл осы күні елімізде "Ұлттық архив қоры" туралы заң қабылданған болатын. Енді міне кәсіби мерекеде олардың еңбегі еленіп, бірқатар маман марапат алып марқайды.