«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға оң ықпал етті. Әсіресе, жастар бұл бастамаға ерекше қолдау білдірді.
Көшелерді қоқыстан тазартты, аулаларды абаттандырды, жүздеген тал-терек екті. Әр сенбіліктен қалмай, өзгелерге үлгі болды.
Ал, бүгін оқушылар мен эколог мамандар бас қосты. Олар қоршаған ортаны қайтсек жақсартамыз деген тақырыпты талқыға салып ой бөлісті.