Сондай-ақ, өңір басшысының Байғанин ауданына жұмыс сапары барысында Оймауыт ауылына жолы түсті. Асхат Шахаров мұндағы ауыл тұрғындары үшін аса маңызды оқиға – газ құбырының іске қосылу рәсіміне қатысты.
Алдымен, жергілікті тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ауылға газдың келуі Мемлекет басшысының ауылдарды дамыту және қажетті инфрақұрылыммен қамту туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылғанын алға тартты.
Айта кетейік, ауылдағы газ құбырының құрылысы екі жылдан астам уақытқа созылды. Жобаны іске асыруға 8,3 млрд теңге жұмсалған. Енді міне, дер кезінде іске қосылған көгілдір отын, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі