Қала тұрғыны «Дроппер» құрығына ілінді. Үлкен көлемде сыйақы алам деген азамат 1 млн теңге қаражатынан қағылды. Бір қарағанда жылдам табысқа жетелейтін оңай бағыт сияқты көрінетін бұл жүйенің арғы жағында күрделі алаяқтық схема, қаржы ізін жасыру тетіктері мен киберқылмыстың жаңа түрі бар. Сондықтан прокурорлар азаматтарды жеке деректерге аса сақ болуға шақырды.