Тәуелсіздік күні баспанасын 5 жылға жуық уақыт күткен үлескерлер қоныс тойын тойлап, қуанышқа кенелді. Бұған дейін тұрғын үй құрылысының тұралап қалуына байланысты, салымшылар жылдар бойы үйсіз жүруге мәжбүр болды. 


Енді міне, көптің тілегі орындалып, Астана ауданына қарасты "Алтын орда" ықшам ауданында 58 азаматқа пәтер кілті табысталды.