Ақтөбе халықаралық әуежайы миллионыншы жолаушыны қарсы алды. Бұл әуежай мен қала үшін тарихи оқиға. Миллионыншы жолаушыны алып ұшқан борт Астанадан бағыт алып, таңғы сағат 10:00-де аймақ әуежайына қонды. Көп ішінен саны сәтті шығып, тосынсыйға ие болған жолаушыға бағалы сыйлық пен сертификат берілді.