Облыста құрылысы ұзаққа созылып кеткен нысандардың саны қысқарды. Бүгінде "сақалды" құрылыстардың саны - бесеу. Қандыағаштағы 600 орындық мектептің құрылысы қайта жанданды, келесі оқу жылында пайдалануға беріледі. Алғадағы 60 пәтерлі тұрғын үйге түзету жұмыстары жүргізілу үстінде. Оның да құрылыс келер жылы аяқталады. Бұған қоса, Темірбек Жүргенов ауылындағы спорт кешені, Ойылдағы 16 пәтерлік тұрғын үй және құрылысы 7 жылға созылған Шилісайдағы мектеп те "сақалды" құрылыстар тізімінде.