Аймақ басшысының төрағалығымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия және нашақорлықтың алдын алу мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасы мүддесін қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың артқанын және олардың алдын алу шараларын баяндады.