«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймақ кеңсесінде жобаларды іскеқосу және одан әрі дамуы мәселелері талқыланды. Маңызды жиынға аймақ басшысы қатысып, алдымен облыста өткен инвестициялық форумға қатысушылардың қызығушылығы жоғары болғанын, бұл аймақтың инвестициялық әлеуетіне деген сенімді растайтынын атап өтті. Ал салаға жауаптылар 2026 жылдың қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстарының кезең-кезеңімен басталуына дейінгі жеті кезеңнен тұратын инфрақұрылымды дамыту жоспарын таныстырды. Бұдан бөлек, субаймақта жалпы құны 619,2 млрд теңгені құрайтын екі ірі жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.