Тәуелсіздік күніне орай, Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында жаңа 100 орындық балабақша ашылды. Бұған дейін ауыл бүлдіршіндері тозығы жеткен 50 орындық ғимаратта тәрбиеленіп келген еді. Жергілікті тұрғындар бұл мәселені облыс әкімі Асхат Шахаровтың ауылға жұмыс сапары кезінде көтеріп, жаңа нысан салу жөнінде ұсыныс білдірген болатын. Енді міне, күрмеуі күрделі мәселе шешімін тауып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. Көпшілік алдында жаңа нысанның кілті табысталды.