Оқу бағдарламасының жаңаруы, оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен ата-аналардың жоғары талабы мұғалімнен тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар стресске төзімділікті де талап етеді. Өйткені, педагогтың эмоционалды тұрақтылығы – сапалы білім берудің басты шарттарының бірі. Осы мақсатта «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы жыл басынан бері өңірдегі білім беру ұйымдарының мамандарымен семинар-тренингтер ұйымдастырылып, кәсіби күйзелістің алдын алуға бағытталған практикумдар өткізілуде. "Стрессті басқару" тақырыбына арналған кезекті шара бүгін мектептердің әдіскерлері мен педагог-психологтарына арналды. Жалпы орталық ашылғалы бері 2000-нан астам психологиялық жеке терапиялық кеңес берілген. Соның ішінде 500 ата-ана және 1600-ге жуық балаға рухани қолдау көрсетілді.