Қалада Мәншүк Мәметова көшесі бойына кәсіпкер көмегімен тағы бір жаңа сквер салынды. 30 соттық жер абаттандырылып, бүгінде шаһар тұрғындарының игілігіне берілді. Демалыс орнының ашылу салтанатына қала әкімі де қатысып, кәсіпкердің игі ісіне алғысын білдірді.
Айналадағы тұрғындарды скверді күтіп ұстауға шақырды.