«Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» арналған қалалық конференция өтті. Шараға мемлекеттік қызметшілер мен қалалық мәслихат депуттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, жастар қатысты. Жиын барысында өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын күшейту бағытындағы жыл бойы жүргізілген іс-шаралардың қорытындылары таныстырылды. Сонымен қатар, өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға үлес қосқан азаматтар мен жемқорлықтың алдын алу бағытында өткізілген эссе, бейнеролик және сурет салу байқауларының жеңімпаздары марапатталды.