Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаевтың айтуынша, елімізде инженер-технолог, педагогтар мен айти мамандарға сұраныс жоғары. Сондықтан, мемлекеттік грантты бөлу кезінде тап осы мамандықтарға басымдық беріледі. Мәселен, былтыр республика бойынша 78 мың грант тағайындалса, соның 60 пайызы техникалық кәсіпті таңдағандарға бұйырған.