Шаһар тұрғындары жүлдегерлерді күтіп алды. Ақтөбелік жас футболшылар Өзбекстаннан олжалы оралды. Ташкентте өткен ала доп жарысында өңір өрендері қола жүлдені қанжығалады. Сайыс барысында жергілікті турнир фавориттерін ұтып, көпшілікті таңғалдырды. Сонымен қатар, сайыстың “Үздік шабуылшысы” да ақтөбеліктердің сапынан табылды. Енді команда Тараз қаласында өтетін жарысқа дайындықты пысықтамақ