Өңірлік коалиция мүшелері Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық - техникалық колледжіне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл болашақ еңбек адамдарын даярлап жатқан оқу орны. Сондықтан оқу орны ұжымы Ата заң жобасындағы "Еңбек адамы" мәртбесіне қатысты сауалдарын қойып, жауап алды.