Аймақ басшысы «Qala Trans» ЖШС автобус паркіне барып, қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Автопарк директоры Асхат Шахаровқа қоғамдық көлікті жаңарту аясында Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы сатып алынған 26 электробусты таныстырды. Ұлан Өксікбаевтың айтуынша, наурыз айының басында тағы 11 электробус жеткізіледі. Әрқайсысының құны – 145 млн теңге. Пайдалануға берілгеннен кейін электробустар 8а және 48 бағыттарында қатынайды. Ал бұған дейін осы бағыттарда жүрген автобустар 10, 32 және 45 бағыттарына қайта бөлінеді.

Облыс әкімі салаға жауаптыларға қоғамдық көліктерді жаңғырту жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды.