Ерекше жандар. Осындай атаумен қалалық мәдениет сарайында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, консерватория профессоры Ерсайын Басықараның жетекшілігімен ерекше балалардың концерттік шарасы өтті. Талантты балғындар сахна төрінде ән айтып, би билеп, өз өнерін ортаға салды. Мақсат - инклюзивті балаларға арналған бағдарламаларды жүзеге асырып, оларды қоғамның тең мүшесі ретінде таныту.