Облыстық өнер музейінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – рухани сабақтастық» атты шара өтті. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің дизайн және визуалды өнер кафедрасының оқытушылары мен студенттері және жергілікті суретшілердің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ұлттық құндылықтар, өнердегі дәстүр мен жаңашылдық, ұрпақтар арасындағы рухани байланыс тақырыптары сөз болды. Ал «Алғыс қабырғасы» атты интерактивті бөлімде қатысушылар жылы лебіздерін жазып, ізгі тілектерін қалдырды. Мазмұнды шара рухани бірлікті арттырып, жастардың өнерге және ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтуға бағытталды.