Көктемнің алғашқы күні - Азаматтық қорғаныс күні аталып өтіледі. Осыған орай сала мамандары түрлі іс-шараларды өткізуді қолға алған. Кезекті жиын бүгін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университетінде ұйымдастырылды. Төтеншеліктер оқу орнының студенттеріне өрт қауіпсіздігі жайлы түсіндіріп, оқу-жаттығу жиынын өткізді. Төтенше жағдай кезінде жылдам әрекет етудің үш түрі көрсетіліп, құтқару амалдары жасалды. Болашақ дәрігерлер де дер кезінде оқыс жағдайдың алдын алу жайлы ақпарат алып, іс-тәжірибе жүзінде шыңдалды