Облыстық Мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған ақпараттық топ өкілдері Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттерімен жүздесті. Болашақ медицина мамандарымен кездесу Жаңа Конституция жобасына арналып, маңызды құжаттың мазмұны жан-жақты түсіндірілді. Олар негізгі бағыттарға тоқталып, құжатта қарастырылған әлеуметтік кепілдіктерді кеңінен таныстырды. Әсіресе, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін конституциялық деңгейде бекіту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына берік негіз қалайды, дейді ұйымдастырушылар.