Жаңа Конституция - жарқын болашақ кепілі. Тарихи реформа - уақыт талабынан туындаған қадам. Ауған жерінде интернационалдық борышын өтеген ардагерлер осындай пікірде. Олар Жаңа Ата заң күрделі кезеңде елдің тұрақтылығы мен ұлттық бірлігін нығайтудың құқықтық негізі болады деген сенімде.