Өткен сенбіде облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы тұрғындарға ән-күймен мереке сыйлады. Мұндай шараның басты себебі -
республикалық референдум. Әр тұрғынды ел үшін маңызды сәтте қалыс қалмауға шақыру. Айтып өтелік, референдум 15 наурызда өтеді. Концерт барысында өңірлік коалиция мүшелері тұрғындарға жаңа Конституция жобасын егжей-тегжейлі түсіндірді.