Беймезгіл уақытта көше кезіп, заң бұзғаны үшін 300-ге тарта жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелет жасына жетпеген 30 жеткіншекті тәртіп сақшылары есепке алды. Ал балаларының тәртібіне немқұрайлы қараған 23 ата-анаға әкімшілік айыппұл салынды. Түн жарымда жасөсіпірімдерді ойын-сауық орындарына емін-еркін кіргізгені үшін 10 кәсіп иесі жауапкершілікке тартылды. Бұл «Жасөспірім» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы аясында екі күннің ішінде тіркелген деректер. Акция облыс аумағында 28 ақпан мен 02 наурыз аралығында өткен болатын.