Шаһарда облыстық Ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырыс өтті. Талқыланған негізгі тақырып - жаңа Конституция жобасы. Бұл – еліміздің саяси жаңғыруы мен демократиялық дамуына бағытталған маңызды қадам. Отырыс барысында қатысушылар Ата заңның жаңа нұсқасының қоғам алдындағы маңыздылығына тоқталып, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Сондай-ақ, жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді. Ал кеңес төрағасы Серік Шаңғұтов барша аймақ ардагерлерін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды. {СНХ}