Кәмелетке толмағандар арасындағы қорқытудың және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында қала прокуратурасы "Тоқта буллинг: прокурормен тікелей байланыс"акциясын ұйымдастырды. Іс-шара шеңберінде қаланың барлық білім беру мекемелерінде құпия өтініш жасауына арналған қадағалау органының ақпараттық флайері орналастырылған. Бұл оқушылардың буллинг, қауіп-қатер және өзге де құқыққа қайшы әрекеттері бойынша өтініштеріне жылдам жауап беруге мүмкіндік. QR коды мектептер мен колледждерде орналастырылған. Код арқылы сіз прокурордың WhatsApp мессенджеріне бірден хабарласа аласыз. Бүгінде ақпараттық флайер 116 мектепке орналастырылды.