Дін саласының үздіктері марапатталды. Үш күнге созылған облыстық байқауға өңірдегі діни тұрақтылықты нығайтуға өзіндік үлес қосып жүрген білікті мамандар қатысты. Үш кезең бойынша іріктеліп, үздік деп танылғандар басқарма атынан марапат алды.