Кеше «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 


Алдымен, рәсім еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған елдің ұл-қыздарын еске алуға арналған бір минут үнсіздікпен басталды. Кейін жиналған көпшілік алдында облыс әкімі құттықтау сөз сөйледі. 


Асхат Шахаров: "Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманының орындалуы, халқымыздың еркіндігі мен елдігінің, бірлігі мен болашағының берік тұғыры" екенін айрықша атап өтті.