Алғаш рет қылмыстық - атқару жүйесі қызметкерлері күні аталып өтті. Салтанатты шарада заң қызметкерлерінің ерен еңбектері ескеріліп, қызметтік борышын абыроймен атқарып жүрген мамандар марапатталды. Жиынға сала ардагерлері де қатысты. Шара барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы атқарылған жұмыстар айтылды. Айтайық, бүгінгі күні облыста 1300-ге жуық адам өз жазасын өтеуде. Олардың түрмедегі тәртібі, сотталғандарды еңбекке баулып, қоғамға бейімдеу жұмыстарына да дәл осы сала қызметкерлері жауапты.