Шаһарда бірқатар білім ордалалары мен колледж және жоғары оқу орындарында өткен «Aqtobe Hub Pizza Pitch Month» жобасы өз мәресіне жетті. Бұл — жастар үшін нағыз стартап жолына шығатын үлкен мүмкіндік. 


Байқауға 100-ден астам команда қатысып, өз идеяларын сарапшылар, менторлар мен кәсіпкерлер алдында қорғады. Іріктеу кезеңінде ең жаңашыл, ең өзекті және жүзеге асыруға лайықталған жобалар таңдалып алынып, үміткерлер финалдық кезеңде бақ сынады. 


Ал ақтық мәреде жеңіске жеткен командаларға ақшалай сыйлық табысталды. Сондай-ақ, жүлдегерлер "Aqtobe Hub Startup Battle" инкубациялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды.