Биыл 90-ға жуық әлеуметтік нысанның құрылысы қолға алынды. Басым бөлігі білім беру саласына қатысты. Сондай-ақ, денсаулық сақтауға арналған және спортты дамытуға бағытталған құрылыс нысандары бой көтеріп жатыр. Мақсатты жұмыстарға қазынадан 90 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.