Облыстық Алақай қуыршақ театрында кішкентай ақтөбеліктер үшін "Заң мен тәртіп" қағидаты түсіндірілді. Балғындарға жолдағы қауіпсіздік ережелері жайында ойната отырып ақпарат берді. Музыкалық көрініс арқылы жаяу жүргіншінің көшеден өту тәртібін, бағдаршам, жол белгілері мен көліктердің қозғалысы жайында көрсетті. Көңілді кейіпкерлері көрермендерге жол ережелеріне қатысты сұрақтар қойып, дұрыс жауаптарын қойылым арқылы жеткізді. Міне осылайша, бүлдіршіндер заң мен тәртіп акциясы аясында өткен шараға қатысып, өздеріне қажет ақпарларын алды