Қалада су жаңа көпсалалы медициналық нысан ашылды. Бұл Батыс өңіріндегі және аймақтағы ерекше балаларды ерте оңалтуға арналған заманауи орталық.
Ұзақ жылдық тәжірибесі бар невропатолог Әдемі Демеуованың бастамасымен қолға алынып, жұмысын бастады. Онда балалар мен ересектерге арналған түрлі дәрігерлік қызметтер көрсетіледі.