Сондай-ақ, Байғанин ауданы Қаражар ауылында да газ жүйесі іске қосылды. Жалпы құны - 8,6 млрд теңгені құраған жоба мемлекет басшысының ауылдарды дамыту және қажетті инфрақұрылыммен қамту туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Нәтижесінде ауылдағы 632 тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілді. Салтанатты сәтте аудан әкімі елге еңбегі сіңген ардақты ұстаз, педагог, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» белгісінің және Ы.Алтынсарин атындағы медальдың иегері ақсақал Бейсен Жақановтың шаңырағына барып, алғашқы газды сол үйге берді.