Шаһарда «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында колледж білім алушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында жастарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік пен тәртіптің әр адамның өміріндегі рөлі туралы айтылды. 


Ондағы мақсат – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау және жалпыға ортақ тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру. Танымдық шараға ішкі істер департаментінің өкілдері мен колледж оқытушылары, және білім алушылар қатысты. 


Олар өз ойларын ортаға салып, көкейкесті сауалын жолдады. Жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.