Қалада «Жас патриот» форумы өтті. Оған түрлі білім ошағының оқушылары мен кадет сыныбы қатысты. Басқосу тек пікір алмасу алаңы емес, ол — елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, жас буынға патриоттық рухты дарытатын маңызды қадам болды. Форум аясында Ауған соғысының ардагері, облыстық мәслихат депутаты Марат Қойлыбаев пен өзге де форум қонақтары тәуелсіздік пен бірлік, ұлтжандылық идеясын насихаттады.