Төл арнамыздың бас ғимаратында телеарна қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына шырша айналасында Аяз Ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қызықты қойылымдар көрсетілді. Балғындар ән айтып, өлең оқып, түрлі ойындарға белсенді түрде қатысты. Өз өнерлерін ортаға салып, түрлі сыйлықтар алды. Мерекелік шарада балалардың шынайы эмоциялары, қуаныш пен шаттыққа толы сәттері есте қалды.