«№17 гимназия» базасында 9-11 сынып оқушыларына «Біздің таңдауымыз - жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында қалалық байқау өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды.
Ондағы мақсат - жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саналы көзқарас қалыптастыру, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын дамыту, командалық рух пен шығармашылық қабілеттерін арттыру. Байқау 22 кезеңнен тұрды.
Бұған дейін іріктеу кезеңінде микротоптар арасында жеңімпаз командалар анықталып, қалалық деңгейде өтетін келесі кезеңге жолдама алған болатын. Бұл кезеңде іріктеуден өткен топтар өз шығармашылығын арнайы бағдарлама аясында көпшілікке таныстырды.
Конкурсқа қала мектептерінен 70-тен астам оқушы қатысты.