Облыс әкіміне 15 ақтөбелік жеке сұрақтарымен жүгінді. Азаматтарды қабылдау «Amanat» партиясының облыстық филиалының ғимаратында өтті. 


Асхат Шахаров тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, қажетті түсіндірмелер берді. Өңір тұрғындары тұрғын үймен қамту, коммуналдық инфрақұрылым, газдандыру, кәсіпкерлерді қолдау және әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді көтерді. Әсіресе, өтініштердің басым бөлігі - тұрғын үй мәселесіне қатысты болды. 


Асхат Шахаров қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй кезектен тыс берілмейтінін, баспана коммуналдық жалдамалы үйлер салынған және пайдалануға берілген сайын кезек тәртібімен ұсынылатынын әрбір азаматқа түсіндірді.


Барлық өтініш тиісті органдардың қарауына алынды. Енді заң аясында жүзеге асады.