Облыс аумағында «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Науқан орман қорын қорғауға және қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің алдын алуға бағытталған. Тәртіп сақшылар мен орманшылар жаңа жылдық шыршаларды сатумен айналысатын сауда орындарын тексеріп, заң талаптарының сақталуын қадағалады.