Биыл Мәртөк ауданы үшін әлеуметтік-экономикалық дамуда ерекше маңызды жыл болды. Жыл ішінде 9 ауылға бірдей көгілдір отын тартылып, бұл көрсеткіш аудан тарихындағы рекордтық нәтиже ретінде тіркелді. Мұндағы 32 елді мекеннің 23-і газдандырылған. 


Яғни, тұрғындардың 94 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр. Ал бүгін Байторысай ауылдық округіне қарасты Покровка, Қарашай ауылдық округіндегі Аққайың ауылдарына көгілдір отын берілді. 


Бұл жұмыстар — ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, экологиялық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадам.