Қобда ауданының Терісаққан елді мекенінде жеке кәсіпкердің қаржылай қолдауымен ерікті өрт сөндіру пункті салынып, іске қосылды.
Жоба ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасы аясында іске асырылып отыр. Яғни, ауылдық жерлерде ерікті өрт сөндіру пункттері желісін дамытуға, сондай-ақ шалғай елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған.
Бекеттің ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов пен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және аталған департаментке қарасты мекеме қызметерлері, ауыл тұрғындары қатысты.