«Хабар» арнасындағы «Жекпе-жек айтыс» мәресіне жетті.
Жыр додасына қатысқан 16 ақынның ішінен суырылып шығып, үш айналымда да сүрінбеген үздіктер, шешуші кезеңде жолықты.
Алаштың бекзат өнерін ұлықтаған телевизиялық жобаның финалдық бәскесінде әріптесіміз, айтыс ақыны Нұрбол Жауынбаев үздіктер қатарынан көрініп, темір тұлпар жеңіп алды.
Өңірге жүлделі оралған айтыс ақтаңгерін телеарна ұжымы мен руханияттағы аға буын өкілдері бар сән-салтанатымен күтіп алды.