Қоғамдық тыңдауда "Ақтөбе" футбол клубын жекеменшікке өткізу мәселесі қаралды. Жеке инсвестор тарту мемлекет қаржысын үнемдеу жолы. Мәселен, биыл жергілікті атқарушы орган тарапынан клубқа 3,5 млрд теңге бөлінсе, келер жылы бөлінетін қаражат 1,9 млрд теңгеге қысқармақ. Ал сатып алам деуші жеке инвестор үшін клуб құны - 364 миллион теңге. Сатып алушыға қойылатын талаптар да бар.