Жаңа жыл жақындап келеді. Көпшілік үшін бұл жақындармен бас қосып, өткен жылдың жарқын сәттерін еске алатын шақ. Бірақ, жаңа жыл кешінің қауіпті тұтсары да жетерлік. Отшашулар, рұқсат етілмеген пиротехника, тіпті тамақтан да қауіп бар. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандары мен полицейлер бірлесе отырып мерекелік кештер ұйымдастырылатын мейрамхана иелерімен жиын өткізді.