Жасөспірімдер арасындағы тәртіп қатаң бақылауда. Мектеп әкімшілігі мен заң саласының өкілдері бірлесіп жұмыс істеп келеді. Түрлі профилактикалық шаралар мен танымдық кездесулер жолға қойылған. Кезекті іс-шара №41 Фариза Оңғарсынова атындағы мектепте өтті. Онда оқушылар арасындағы буллинг, бопсалау мен бұзақылық сияқты зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері қаралды. Шараға аға буын өкілдері қатысып, ақыл-кеңесін айтты. Жиын "Заң мен тәртіп" жобасы аясында ұйымдастырылды.