Металлургия саласының ардагері, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының еңбек сіңірген қызметкері Сертай Кенжалиннің құрметіне көше беріліп, құрмет тақтасы қойылды. Ол еңбек жолын балқыту цехында бастаған. Тәжірибелі металлург жылдар бойы аға горновой, пештер бригадирі сынды жауапты міндеттерді мүлтіксіз орындаған. Жаңа технологияларды игеруде, соның ішінде төмен көміртекті феррохром өндіруде елеулі үлес қосты. Оның кәсіби беделі тек өндірісте ғана емес, мемлекеттік деңгейде де мойындалып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі шақырылымының депутаты болды. Салтанатты жиынға еңбек адамының ұрпақтары, жақындары қатысты.