Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектепте ұлт батырының туған күніне орай 3 бірдей кадет класы ашылды. Оған 2 сынып оқушылары қабылданды. Жас буын жүрегіне патриоттық сезім ұялатқан салтанатты шарада даңқты қолбасшының майдан даласындағы көзсіз ерліктері дәріптелді. Ал облыстық Полиция департаментінің мамандары жас сақшыларға бүгінгі заман полицейінің жарқын бейнесі қандай болатынын түсіндіріп, бұл мамандықтың күрделілігі мен қоғам алдындағы маңызына тоқталды.