Полиция қызметкерлері Көші-қон қызметімен бірлесіп медицина университетінде білім алып жүрген шетелдік студенттерге түсіндірме дәріс өткізді. Тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының талаптары, Қазақстан Республикасының ережелері туралы айтып берді. Заңдарды сақтау, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, жеке қауіпсіздік пен мінез-құлық мәдениеті мәселелеріне ерекше назар аударылды. Киберқылмыстың алдын алу шаралары да талқыланды.