"Өнер әлемі - жыр жауһары". Осындай атаумен Шымкентте еңбек ардагері, ҚР журналистер одағының мүшесі Жұмагүл Қошанқызының бастамасымен жаңа туынды жарық көрді. Жинаққа шығармашылыққа жаны жақын қаламгерлердің тың туындылары іріктеліп алынған. Ақтаулық белсендінің жобасы «Жебе» баспасынан 300 данамен басылып, шырайлы шаһар тұрғындарына паш етілді. Еңбектің тұсаукесеріне елімізге белгілі өнер майталмандары қатысып, жас буынға батасын берді. Жаңа туынды қазақ өнеріне қызыққан кез-келген оқырман үшін пайдалы, құнды туынды.